9-11 сынып қыз балалары арасында «Қызғалдақ» қыздар ұйымының жиналысы өткізілді

ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ
“Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп” КММ-де «Құқық бұзушылықтың алдын алу» мақсатында «Әдеп пен ар-ұят – қыздың көркі» тақырыбында 9-11 сынып қыз балалары арасында «Қызғалдақ» қыздар ұйымының жиналысы өткізілді.
✅ Жиналыс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Рашбаева қыз тәрбиесі жөнінде пікірін білдіріп, ішкі тәртіп ережелеріне тоқталды.
✅Жиналыс соңында қыздар ұйымының жетекшісі Сыдықова Айша Өтебайқызы қыздарға кешкі уақытта қыдырмау, өзін дұрыс ұстау, ерсі қылықтар жасамау керектігін айтып, қыздар тәрбиесіне байланысты пікірлерін білдірді.
✅Қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған