1 Қыркүйек. Білім күні

01.09.2023 жылы «Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп» КММ-де “Мектебім – мейірім мекені” тақырыбында салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиынды мектеп директоры Муксанова Айнур Төрешқызы алғаш мектеп табалдырығын аттаған оқушыларымызды мерекелерімен құттықтап, арнайы алғыс хатпен марапаттап, ізгі тілегін білдірді. Салтанатты жиынға Қызылқоға аудандық маслихат төрағасы Бейісқали Толқын Ермекқызы, аудандық әдістемелік орталық әдіскері Жаншат Нұрғалиева Бақтыбайқызы, мектебіміздің ардагер ұстазы Сары Гүлшара Бақтыбайқызы және ата-аналармен ұстаздар қатысты. Сондай-ақ, аудандық әдістемелік орталық әдіскері облыстық алғыс хаты мен құрмет грамотасын ұстаздарға табыс етті.
Мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында білімнің басымдылығы мен маңыздылығын және жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру.
1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар және ата – аналар !
Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!
Білім күні шын мәнінде барша халықтың дәстүрлі мерекесіне айналды. Оқушылар мен студенттер, білім мен ғылым саласындағы ұстаздар мен оқытушылар, барша қызметкерлер үшін 1 қыркүйек жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы.
Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін. Шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық-саулық тілейміз. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушыларға сәттілік жолдас болсын! Мереке құтты болсын!

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған