«Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» Қарттар күні

«Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп» КММ-сі
Үлкен кісіні сыйлау – адами даналықтың кемел шағына деген құрмет. Үлкендерге құрмет көрсету халықтың мәдениеттілігін сипаттайтын негізгі белгі. Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Даналықтың алтын кілті — ата-бабаларымыз. Кішіні қамқорлап, үлкенді сыйлай білген дана халқымыз қай кезден ұрпағына ұлылығын ұялата білген. Дүйім ел мен бір қауымға бас-көз болған асыл қазына орны әрқашан төрден екені де даусыз. Зейнеткерлікке шыққан ардагер әріптестерімізді, ұжымдастарымызды құттықтап, мерекелік көңіл күй сыйлап қайттық. Асыл қазынамыз ортаймасын!

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған