”Отбасы – адамгершіліктің басты құндылығы” ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

”Х.ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП”КММ
”Отбасы – адамгершіліктің басты құндылығы” ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
“Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп“КММ-де «Отбасы – адамгершіліктің басты құндылығы»” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:
1.Мектеп директоры А.Т.Муксанова 2023-2024 оқу жылындағы оқу – тәрбие процесіндегі мақсат – міндеттермен таныстырып, жылдық жоспар бойынша баяндама жасады.
2. Мектеп психологі Б.Сарсенгалиева “Бала сырының басты кілті – ата-ана» туралы ата – аналарға түсінік жұмысын жүргізді.
3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Рашбаева “Отбасы мен мектеп арасындағы қауіпсіздік” мақсатында ата – аналарға түсінік жұмыстары жүргізілді.
4. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жаңа оқу жылынан бастап мектебімізде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы ашылғандығын туралы жұмысымен мектеп ұжымымен ата-аналар толық таныстырылды.
✅Педагогикалық қолдау орталығының мақсаты: балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мектеп пен ата – аналар арасындағы тиімді өзара іс- қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған