Мектеп формасы

Мектеп формасы

Бірыңғай мектеп формасы – ортақ шешім

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі бұйрықты өте орынды деп есептейміз. Балалардың бір-бірімен тең болуына, өзін оқушы сезінуіне, тиянақтылыққа, жауапкершілік қасиеттерге баулиды.

Біздің гимназияда бірыңғай мектеп формасы қыз балалар ақ бантик, ақ кофта, қою көк түсті юбка мен жакет, ұл балалар ақ көйлек, қою көк түсті костюм мен шалбар киеді. Балалар осы тәртіпке, бірыңғай киімге үйренген. Ата-аналар оқу жылының басында алып берген киімдерін балалар орнымен осылайша киеді. Яғни, ақ шағаладай күні бойы аппақ болып жүруі, баланы тазалық пен имандылыққа, жан-жағындағы адамдарға сүйкімді көрінуге тәрбиелейді.

ҚР Білім және Ғылым министрлігі шығарған мектеп формасының үлгісін қамқоршылық кеңестер, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі арасында жиналыстарда талқыланып бірауыздан мақұлданды.

«Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп» КММ тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары Жумагереева Шырынгул Бактыгуловна