Мектеп тарихы

Ғасыр жасаған ғажайып мектеп

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылындағы «Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп» коммунальдық мемлекеттік мекемесі. Қазіргі мектеп ғимараты 1987 жылы пайдалануға берілген. Сол кездегі Кеңес үкіметі тұсындағы типтік жобамен салынған, үш қабатты ғимарат.  Бұған дейін төрт рет ғимарат ауыстырған. Қызылқоға өңірінде 1922 жылдары «Аяпбергеннің ақ школы» деген атпен шағын екі сыныптық мектеп үйі ашылған. Балаға арналған жатақханасы болған.  Мектеп директоры Аяпберген 1884 жылы Нарықұмда дүниеге келген, Орынборда татар Құсайия мектебін бітірген ұстаз болатын. Ол балаларға арифметика, тарих, қоғамтану пәндерінен дәріс берген. 1935 жылы «Қазақстанның 15 жылдығы» белгісімен, 1937 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған. Репрессия жылдары халық жауы деген жаламен жазықсыз атылып кеткен.

Мектеп 1922 жылы екі сыныптық «Аяпбергеннің ақ школы» деген атпен ашылып, 1933 жылы Қамыскөл жатақ мектебі, 1952 Ворошилов жеті жылдық мектебі, 1957 Н.К. Крупская атындағы орта мектеп, 1994 жылдан бастап Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп болып мектепке айналуы осылайша ұзақ жылдарға созылды.  Мектепті білім саласына шын жанашыр бола білген, білім саласына еңбегі сіңген айтулы тұлғалар басқарды депайтуға болады. 1922-1933 жылдар Аяпберген Науанұлы, 1933-1942 жылдары Жұмағали Сүлейменов, 1942-1946 жылдары Көбен Жайылғанов, 1946 жылы Сәрсенбай Құбиев, 1946-1949 жылдары Есен Мерғалиев, 1949-1952 жылдары Тәженов Қабдол, 1952-1957 жылдары Жортабай Мұхамеджанов, 1957-1959 Жолдықайыр Дөшкенов, 1959-1966 жылдары Ғимран Башиев, 1966-1968 жылдары Қайырлы Шомажанов, 1968-1972 жылдары Сауғабай Үсенов, 1972-1975 жылдары Орынша Беркенова, 1975-1978 жылдары Бөтпенов Лес, 1978-1994 Темір Бермағанбетов, 1994-1999 Мақсот Қабдолов, 1999-2001 жылдары Өтеуғали Дүйсәлі, 2001-2005 жылдары Дәмелі Ізбасқанова, 2005-2006 Өтеуғали Дүйсәлі, 2006-2011 жылдары Құмар Хасанов, 2011-2013 жылдары Жолдас Сүндетбаев,  2013-2018 жылдары Мырзабай Борашев, 2018-2022 жылдары Сары Гүлшара, 2022 жылдан бері Мұқсанова Айнұр басқарып келеді.