«Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбымен «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» сабағы өтті

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, “Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп” КММ.
⏳8 сынып ата-аналарымен өткізілген «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының», «Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбымен позитивті ата-ана болып бала тәрбиесіне оңтайлы қадам жасау жолдары, дағдылары мен әдістеріне терең тоқталған сабақ өз мақсатына жетті.
⏳Сабақтың мақсаты: Оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту.
⏳Міндеттері: 1. Ата-аналарды позитиві ата-ана болу құзыреттерін игеруге ынталандыру;
2. Ата-аналарды позитивті ата-ана болудың мәнімен, қағидаттарымен, әдістерімен таныстыру;
3. Ата-аналарға позитивті ата-ана болу дағдыларын игеруге көмектесу;
⏳Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:
1. Ата-ана борышы, сүйіспеншілік, жеке тұлғаға деген құрметі, сенімі, қамқорлығы, ашықтығы;
2. Адалдық, мейірімділік, қайырымдылық, оптимизм, позитивті ойлау, эмоционалдық интеллект, ынтымақтастыққа дайын болу, әзіл сезімі;
⏳60 минутқа жоспарланған сабақ, ата-аналардың белсенділігі мен кері байланыстың жоғары деңгейде болуына байланысты 2 сағатқа созылуы, сабақтың жоғары деңгейде өткізілгенін растағандай.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған