«Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері» тақырыбымен кезекті сабақ

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, «Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп» КММ
✳️Мектебіміздің 7 сынып жетекшілері: Қабдиева Жұмазия, Әбділдиева Гүлжанат, Қуанышева Елена мен мектебіміздің тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарларының жетекшілігімен, ата-аналарға ұйымдастырылған «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» 5-9 сыныптар аралығына арналған жоспар бойынша «Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері» тақырыбымен кезекті сабақ өз жалғасын тапты.
Сабақтың мақсаты: Ғаламтор ресурстарын қауіпсіз пайдалану мәселесі бойынша ата-аналардың білімін арттыру.
Міндеттері:
1. Ғаламторға тәуелділіктің, кибербуллингтің алдын-алу мәселелері бойынша ата-аналардың қызығушылығын арттыру.
2. Ата-аналардың қауіпсіздік мәселелері, ықтимал және ғаламтор қауіптерінен қорғану жолдары туралы түсініктерін кеңейту.
3. Ата-аналардың өздерін және жасөспірімді медиакеңістікте қорғануға үйрену.
✳️ Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:
Қарым-қатынас, сананың прогреске ашықтығы, өзара сыйластық, денсаулық мәдениеті, позитивті ерік;
✳️ Күтілетін нәтижелер:
✅Ғаламтор желісін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік мәселелері, ғаламтор кеңістігін пайдалану кезіндегі ықтимал қауіптер, желілік қауіптерден қорғану жолдары туралы ата-аналардың білім деңгейін арттыру.
✅Ғаламтор желісіндегі жауапкершілікпен, этика нормаларына сәйкес және қауіпсіз пайдалану мәдениетін қалыптастыру.
✅Айналадағы адамдармен әртүрлі жағдайда ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру, топта жұмыс істей білу, келісе білу, даулы/жанжалды жағдайдан шығудың жолын табу.
Сабақ өз мақсатына жетті деп қатысқан ата-аналардың белсенділігі, еріксіз бөліскен ой-пікірлерімен, сабаққа деген қызығушылықтары, спикерлердің берген ақпарттарына ризашылықтарынан сенімді айтуға болады.
Сонымен бірге КИБЕРБУЛЛИНГ, ТРОЛЛИНГ, ХЕЙТИНГ, БЕЙТИНГ, ХАРАССМЕНТ, МАСКЕРЕЙДИНГ, АУТИНГ, РОСТИНГ, КИБЕРСТАЛКИНГ, ГРИФИНГ, СЕКСТИНГ сынды БУЛЛИНГ түрлеріне бөлек-бөлек тоқталып терең мағлұматтар берілді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған