«Ауылдық жердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасы аясында бастауыш сынып мұғалімдеріне семинар

«Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп» КММ-нің «Бастауыш» бірлестігінде «Ауылдық жердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасы аясында Атырау қаласы НЗМ базасында өткен оқыту семинарына қатысқан бастауыш сынып мұғалімдері «Курстан кейінгі кері байланыс» аясында курстан алған теориялық және әдістемелік білімдерімен бөлісу мақсатында 28 қыркүйек күні бастауыш сынып мұғалімдерімен семинар-тренинг өткізді. Семинар барысында бастауыш сынып оқушыларының пәндік дағдыларын дамытуға бағытталған оқу мақсаттарын жүзеге асыру жолдары мен әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану бағытында ұжымдық талқылау, топтық жұмыстар ұйымдастырылып, әріптестер арасында жағымды көңіл күй қалыптасты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған