«Ата-аналарды қолдау орталығының» 9-11 сыныптар аралығына кезекті сабағы

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, “Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп” КММ тің 11 сынып жетекшілер: Сарсенғалиева Баршагүл, Таяшева Данагул, Руслан Ролланмен мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жетекшілігімен, ата-аналарға ұйымдастырылған «Ата-аналарды қолдау орталығының» 9-11 сыныптар аралығына арналған жоспар бойынша «Сен жанбасаң лапылдап» тақырыбымен кезекті сабақ өз жалғасын тапты. Сабақ мақсаты: Ата – аналардың баланың өзін-өзі көрсетуіне дайындығын дамыту.
Міндеттері:
1.Мамандық таңдау кезінде балаға қолдау көрсетуі үшін ата-ананың мықты уәжін қалыптастыру.
2.Ата-аналардың өз кәсібін іздеу кезеңінде баланы қолдау әдістері мен шарттары туралы тұрақты түсініктерін қалыптастыруға ықпал ету.
3.Баланың жеке тұлғасының ерекшеліктерін, қызығушылығын, қабілеттерін анықтау дағдыларын дамыту.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған