«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» кезекті сабағы

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, «Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп» КММ
Мектебіміздің 10 сынып жетекшілері:Аманжол Салтанат, Жаниева Гүлсара, Ахметова Лаура, Бекназарова Айданамен мектебіміздің тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарларының жетекшілігімен, ата-аналарға ұйымдастырылған «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» 9-11 сыныптар аралығына арналған жоспар бойынша «Көркем мінез – баға жетпес байлық.
Эмоционалды интеллект – табысты тұлғаның негізі» тақырыбымен кезекті сабақ өз жалғасын тапты.
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың эмоционалды құзыреттілігін, өзіндік сана-сезім, өзін-өзі реттеу, эмпатия және қарым-қатынасты реттеу дағдыларын дамыту
Міндеттері:1.Эмоционалды интеллектіні дамыту бойынша қызығушылықты қалыптастыру
2.Эмоционалды интеллектінің құрылымдық компоненттері туралы түсінік беру (өзіндік сана-сезім, эмпатия, өзін-өзі реттеу, қарым-қатынасты реттеу)
3.Өз эмоцияларын және басқа адамдардың эмоцияларын түсіну қабілетін дамыту
4.Өз эмоционалдық жай-күйлерді реттеу, олардың сыртқы көріністерін бақылау, позитивті қарым-қатынас дағдыларын дамыту
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер: Ашықтық, өмірге оң көзқарас
Күтілетін нәтижелер Сабақ аяқталғаннан кейін ата-ана:
-Эмоционалды сауаттылыққа ие болады
-Эмоционалды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді
-«Мен-мәлімдемелерін» қолдана отырып, оң қарым-қатынас орната алады
-Дағдарыс жағдайында өнімді мінез-құлық алгоритмдері мен тәсілдерін қолдана алады

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған